Сурет: АШМ
Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдіктердің жедел деректері бойынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлық түрдегі мал азығынан 38,7 млн тонна дайындады. Бұл 2026-2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау кезеңіне жоспарланған көлемнің 93,7%-ы.
Бүгінгі таңда 26,4 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,3 млн тонна сүрлем, 4,3 млн тонна сабан және 3,4 млн тонна құрама жем әзірленді.
Шөп дайындау жоспарының артығымен орындалуы қосымша сақтандыру қорларын қалыптастыруға және ауа райы қолайсыз болған жағдайда мал шаруашылығының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, 2026-2027 жылдардағы қысқы қорада ұстау кезеңі басталғанға дейін 25,7 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құрама жем дайындау жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жүргізіліп жатқан мониторинг және резервтерді уақтылы қалыптастыру мал шаруашылығы нысандарын қажетті азық қорымен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы қорада ұстау кезеңін тұрақты өткізуге бағытталған.
