Спорт

Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Таиландтың Бангкок қаласында өткен жүзуден Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары 16 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың соңғы күнінде Анатолий Руденко 50 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль алды. Александр Мироничев 50 метрге еркін стильде жүзуден күміс жүлдеге ие болса, Данил Чужинов 400 метрге кешенді жүзуден қола медаль еншіледі. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы аралас эстафетада (микст) күміс жүлдені жеңіп алды.

Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады. Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.

Көп оқылғандар