Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің келісімімен жүк ұшақтарын әкелу кезінде кедендік баж салығы мен салықтан 12 жылға босатылатын болды. Бұл шешім авиация саласын дамытуға және жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік береді.
Ұсынысты Қазақстан үкіметі бірнеше ай бұрын енгізген еді. Енді оны ЕАЭО-ның барлық мүшелері мақұлдады. Жеңілдік жаңа жүк ұшақтарын сатып алуға және лизингке алуға қолданылады.
Мамандардың айтуынша, бұл шара отандық авиакомпаниялардың шығынын азайтып, тасымал көлемін ұлғайтады. Сонымен қатар, Қазақстанды транзиттік хаб ретінде дамытуға серпін береді.

