Categories Жайық news

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі: кезек 35 шақырымға жетті

Сурет: kaztag.kz

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» өткізу бекетінде жүк көліктерінің ұзын кезегі пайда болды. Жүргізушілердің айтуынша, кейбірі шекарадан өту үшін екі тәуліктен астам күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жүк тасымалдаушылардың мәліметінше, соңғы күндері кезек ұлғайып, ұзындығы 35 шақырымға жеткен. Олар тәулік бойы қозғалыссыз тұрып, бірнеше шақырым ғана ілгерілей алғандарын айтады. Жол бойында ауызсу, азық-түлік және санитарлық тораптар жеткіліксіз, әсіресе аптап ыстықта күту қиындаған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызмет қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Ал ҰҚК Шекара қызметі кептелістің бірнеше себебін түсіндірді: тез бұзылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде бақша дақылдарын экспорттау маусымы басталған, Қазақстан арқылы Ресейге бағытталған тұтыну тауарларының транзиті көбейген, сондай-ақ «Сырым» өткізу пунктінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қозғалыс жолақтарының саны уақытша қысқартылған.

«Сырым – Маштаково» бекеті Ресейдің Самара бағытына шығатын өңірдегі ең ірі көлік тораптарының бірі. Қалыпты жағдайда бұл жерден тәулігіне 700-800-ге жуық жүк көлігі өтеді.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да полиция бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды

Аталған талап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық…

«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады

«Қазгидромет» шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті.

Павлодар облысында шегірткеге қарсы 49 мың гектар өңделеді

Павлодар облысында 49 мың гектар алқапты шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. 30 мың гектарда зиянкестер ошағы…