Сурет: ашық дереккөз
Қытайдың Күз ортасы мерекесіне байланысты 25 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай арасындағы бірқатар өткізу бекетінің жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл күні жүк көліктері, көлік құралдары мен азаматтардың шекарадан өтуіне шектеу қойылады.
Алайда «Алтынкөл – Қорғас» және «Достық – Алашанькоу» теміржол өткізу бекеттері әдеттегі режимде жұмыс істейді.
Қазақстан мен Қытай арасында барлығы жеті өткізу бекеті бар. Оның бесеуі автомобиль, екеуі теміржол өткізу бекеті.
