Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарадағы автокөлік өткізу пункттері 1, 2 және 3 қазан күндері жұмыс істемейді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шектеу Қытай Халық Республикасының құрылған күніне орай енгізіліп отыр. Осы үш күн ішінде адамдар, көлік құралдары және жүктер шекарадан өткізілмейді.
Сонымен қатар теміржол өткізу бекеттері әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады.
Мемлекеттік кірістер комитеті шекарадан өтуді жоспарлаған тасымалдаушылар мен азаматтарды енгізілген шектеулерді алдын ала ескеруге шақырды.
Айта кетейік, 15 қыркүйектен бастап Қытайға кіру және елден шығудың жаңартылған ережелері күшіне енді. Қытай билігі шетелдік туристер ұсынатын құжаттар мен мәліметтерді тексеруді күшейтті. Бұл өзгерістердің қазақстандықтар үшін маңызы туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
