Спорт

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ташкентте 7 жүлде еншіледі

Сурет: ҰОК

Ташкентте өткен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық үстел теннисі турнирінде Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

22 елдің спортшылары қатысқан жарыста отандық спортшылар екі алтын, бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Алан Құрманғалиев (U19) пен Жәния Бекмұхамбетова (U13) өз жас санаттарында чемпион атанды. Назерке Болатбек (U11) күміс медаль иеленді. Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U11 санатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, 2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылар бұл чемпионат Қазақстандағы ең ірі халықаралық спорттық оқиғалардың бірі болатынын атап өтті.

Көп оқылғандар