Саясат

Өңірлік науқан мәреге жетті – партиялар ел бойынша сапарларын аяқтап жатыр

Партиялардың сайлауалды сапарлары біртіндепмәресіне жақындап келеді. Дауыс беруге санаулыкүн қалғанда штабтар тұрғындармен, еңбекұжымдарымен және кәсіби қауымдастықтарментікелей кездесуге басымдық бере отырып, өңірлерге сапарларын аяқтап жатыр. Бағдарламаларын таныстырумен қатар, кандидаттар тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын талқылады. Осылайша, науқанныңөңірлік кезеңі қорытындыланды.

Respublica партиясы Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар кездесу өткізді. Петропавлдакандидаттар NQDC компаниясының «Фантазия» сауда үйінің құрылыс алаңына барып, өңірдідамыту және жұмыс орындарын ашу мәселелерінталқылады. Сондай-ақ олар ПетропавлдағыAlageum Electric электротехникалық зауытындаболды. Мұнда тұрақсыз баға, кадр тапшылығыжәне энергетика саласы өнімдерін өткізумәселелері сөз болды. Петропавлда өткен партия жақтастарының форумында заңнамалық жұмыстыңнәтижелері мен өңірлік мәселелер талқыланды. Көтерілген тақырыптардың қатарында мектептегітамақтану мен студенттік инфрақұрылымдыдамыту мәселелері бар.

Осылайша, 18 тамызда партиялардың сайлауалдыбелсенділігі негізінен тұрғындармен, еңбекұжымдарымен және кәсіби қауымдастықөкілдерімен тікелей қарым-қатынас форматындаөтті. Бұл ретте күн тәртібі сан алуан болды: партиялар өнеркәсіпті дамыту және жұмыспенқамту, әлеуметтік қорғау және инклюзия, экология, білім беру, мәдениет, кәсіпкерлік пен инфрақұрылым мәселелерін талқылады. Бағдарламаларды таныстырумен қатар, кездесугеқатысушылар электр желілерінің жағдайы мен еңбек ету шарттарынан бастап, сайлауинфрақұрылымының қолжетімділігі мен отбасыларды қолдауға дейінгі өңірлік және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Дауыс беругесанаулы күн қалғанда партиялардың науқаныөңірлік алаңдарда және сайлаушылармен өзара іс-қимылдың жария форматтары арқылы қатаржалғасып жатыр.

Көп оқылғандар