Сурет: СІМ
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар тау-кен өнеркәсібіндегі әріптестікті дамыту жолдарын талқылады. Әңгіме барысында стратегиялық және аса маңызды минералдарды барлау, өндіру және өңдеу мәселелеріне басымдық берілді.
Кездесуде екі елдің салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

