Сурет: istockphoto.com
Австралияда айықпас дертке шалдыққан және дәрігерлердің болжамы бойынша өміріне 12 айдан аз қалған науқастарға ерікті түрде медициналық көмекпен өмірден өтуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Заң бойынша, дәрігерлердің болжамы бойынша өмір сүруіне 12 айдан аспайтын айықпас дертке шалдыққан науқастарға бұл рәсімді жасауға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне пациентпен эвтаназия мүмкіндігі туралы әңгімені өз бетінше бастауға тыйым салынады.
Австралиядан бөлек, эвтаназия Нидерланд, Бельгия, Люксембург, Канада, Испания, Жаңа Зеландия, Колумбия және Эквадорда да заңды.
Ал Қазақстан мен Ресейде эвтаназияға тыйым салынған.
