Сурет: ашық дереккөздерден
Сенегалдық шабуылшы Николас Джексон «Челсиден» «Астон Виллаға» ауысты. Бұл туралы бирмингемдік клубтың ресми сайты хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мәміленің қаржылық шарттары әзірге жарияланған жоқ. Алайда инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 25 жастағы футболшының трансфері «Астон Виллаға» 65 млн фунтқа түседі.
Джексон «Челси» сапында 2023 жылдың жазынан бері ойнады. Ол лондондық клуб үшін 81 матч өткізіп, 30 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.
Өткен маусымды сенегалдық футболшы «Баварияда» жалға алу келісімімен өткізді. Мюнхендік клуб құрамында 34 кездесуге қатысып, 11 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
«Челсиге» ауысқанға дейін Джексон «Вильярреалда» ойнады. Сол кезде команданы қазіргі «Астон Вилланың» бас бапкері Унаи Эмери жаттықтырған. Енді футболшы испаниялық маманмен қайта қауышады.
