Қоғам

28 қыркүйектегі ауа райы болжамы жарияланды

Сурет: istockphoto.com

«Қазгидромет» 2026 жылғы 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дүйсенбіде республиканың көп бөлігінде жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда найзағаймен жаңбыр жауады. Ел бойынша жел күшейеді. Күндіз оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман байқалады.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында түнде ауа температурасы -2…-3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік күтіледі.

Сонымен қатар, Атырау, Павлодар және Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облыстарының жекелеген аумақтарында өрт қаупі жоғары.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында сақталады.

27 қыркүйекте күндіз еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болғанын атап өткен жөн.

Көп оқылғандар