Спорт

Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 25 алтын жеңіп алды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Италияның Лидо-Ди-Йезола қаласында кикбоксингтен жастар мен юниорлар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы 25 алтын медальмен жалпы есепте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы байрақты бәсекеге 79 елден 1500 спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар екі жас санатында 25 алтын, 20 күміс және 21 қола жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте ұлттық құрама көш бастады. Жастар құрамасы 15 алтын, 10 күміс, 13 қола медаль алса, юниорлар құрамасы 10 алтын, 10 күміс, 8 қола медаль еншіледі.

Бұған дейін Азия ойындарында семсерлесуден ерлер құрамасы ел қоржынына 10-шы алтынды салғанын еске саламыз.

Көп оқылғандар