Сурет: istockphoto.com
Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстан Ирандағы байытылған уран қорларын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл ұсыныс Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді жеңілдетуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Гроссидің айтуынша, Қазақстанның бұл қадамы халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тауып отыр. Иран уранын сақтау үшін Қазақстан өз аумағында арнайы қойма ұсынуы мүмкін.
«Біз Қазақстанның бейтараптығы мен жауапкершілігін жоғары бағалаймыз. Бұл шешім ядролық қарусыздану үдерісіне маңызды үлес қосады», — деді Гросси.
Иранның байытылған уран қоры қазіргі уақытта халықаралық бақылауда. Қазақстан бұл қорды қабылдау арқылы аймақтағы тұрақтылықты нығайтуға үміттенеді.

