Қаржы

Қазақстан экономикасы тағы өсті: ІЖӨ 3,6%-ға көтерілді

2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 3,6 пайызға артты. Бұл – Ұлттық статистика бюросының алдын ала есебі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Экономикалық өсімнің негізгі драйверлері – өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласы. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш жылдық жоспармен сәйкес келеді.

«Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 5,2%-ды құрады, ал құрылыс 8,1%-ға өсті. Бұл – тұрақты экономикалық дамудың белгісі», – дейді экономист Нұрлан Серікқалиев.

Аймақтар бойынша ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында тіркелді. Ал Батыс Қазақстан облысында ІЖӨ өсімі 2,9%-ды құрады, бұл республикалық деңгейден сәл төмен.

Сарапшылар жыл соңына дейін экономикалық өсім 4%-ға жетуі мүмкін деп болжайды.

Көп оқылғандар