Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанның жастар құрамасы Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өткен халықаралық турнирде 21 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Команда қоржынына 7 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль түсті. Алтын жүлдені Шахризода Акрамова, Нұрайым Бақытжанқызы, Любовь Юн, Азим Талғатов, Алинұр Еркін, Наурызбек Нұрғазиев және Аманай Құралбаев иеленді.
Күміс медальдарды Аяру Есенғали, Сабина Турутулова, Бағдат Амангелдиев, Павел Эм, Тимур Рахпанов және Жантөре Сағынғали алды. Қола жүлдегерлер қатарында Элеанора Шералы, Жанна Палмахова, Милана Мұханова, Аяжан Таңжарық, Нұрила Жарас, Аяна Жетес, Марсело Лопес, Тілеубай Әбділ және Бекбау Махамбетәлі бар.
Чунчхондағы турнир Қазақстанның жастар құрамасы үшін осы маусымдағы ең табысты халықаралық жарыстардың бірі болды.
Мазмұнға өту
