Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Болатұлы Шәлекенов Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сол күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, оның орнына Марат Ирменов тағайындалған болатын.
Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен жиын өткізіп, ҰҚК-нің жаңа төрағасына бірқатар міндет жүктеді.
Мазмұнға өту
