Қарағанды облысында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейтілді. Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 53 карьерді тексеруден өткізді.
Тексеру барысында жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында ауыр салмақты көліктердің жүк көлемі мен салмағы тексерілді. Нәтижесінде бірнеше заңбұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды.
«Ауыр жүк көліктерінің салмақ нормасын бұзуы жолдардың тез тозуына әкеледі. Біздің басты міндетіміз – жол инфрақұрылымын сақтау», — деді комитет өкілі.
Қазіргі уақытта облыс аумағындағы барлық ірі карьерлерде тұрақты мониторинг жүргізілуде. Заңсыз жүк тасымалымен айналысатындарға айыппұл салынады.

