Басты тақырып

Қарағандыда автокөліктен пышақталған әйелдің мәйіті табылды: күдікті ұсталды

Қарағандыда тұрақта тұрған көліктен 34 жастағы әйелдің денесі табылды. Оқиға орнына келген полицейлер мәйіттен пышақ жарақаттарын анықтаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша іс қозғалды.

Полиция қосымша мәліметтерді тергеу мүддесіне сай жарияламайтынын мәлімдеді.

Көп оқылғандар