Басты тақырып

Президент ҰҚК төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Сурет: aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовті қабылдап, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК басшылығымен өткен жиынның қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында Президентке ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реформалау және тиімділігін арттыру бойынша қолға алынатын шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі. Президент ауыл шаруашылығы саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

Көп оқылғандар