Басты тақырып

Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жасалды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл лауазымға Ренат Құрметжанұлы Айтаев тағайындалды. Тиісті өкімді Мемлекет басшысы қабылдаған.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ренат Құрметжанұлы Айтаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Сол күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, оның орнына Марат Ирменов тағайындалғаны да белгілі болды.

Көп оқылғандар