Сурет: AP Photo
Парагвайдың бұрынғы президенті Сантьяго Пенья уақытша қамауға алынды. Бұл шешім Ueno банкінің банкротқа ұшырауына байланысты іс бойынша шығарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ultima Hora басылымының мәліметінше, Пенья президенттік күзет полкінің аумағында қамауда болады. Бұған дейін прокуратура оған «сенімді теріс пайдалану және мүлікті жеке мүддесіне басқару» айыптарын таққан.
Тергеу Ueno банкіне мемлекеттік және зейнетақы қаражатын орналастыру кезіндегі заңбұзушылықтарға, сондай-ақ қаржы ұйымының қызметін бақылау мәселелеріне қатысты жүргізіліп жатыр. 6 қарашада сенаторлар Ueno банкіне қатысты жанжалға байланысты Пеньяға импичмент жариялауды мақұлдаған. Қызметінен шеттетілгеннен кейін ол ұсталды.
Парагвайдың Орталық банкі 3 қарашада Ueno банкіне сыртқы басқару енгізді. Соның салдарынан қаржы ұйымындағы барлық шот бұғатталды. Банктің клиенттері шамамен 3 миллион адам, ал Парагвай халқының жалпы саны 7 миллионға жуық.
Мазмұнға өту
