Сурет: АЗЕРТАДЖ
Израильдің оңтүстігінде, Мысыр шекарасына жақын аумақта магнитудасы 4,5 жер сілкінісі болды. Дүмпулер Эйлат қаласында сезіліп, Рамон халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің ошағы Мысырдың Синай түбегіндегі Таба аймағында, шамамен 8 шақырым тереңдікте тіркелді.
Дүмпулерден кейін әуежай жолаушылары мен қызметкерлері эвакуацияланды. Рейстер уақытша тоқтатылып, мамандар ғимараттар мен инфрақұрылымның қауіпсіздігін тексеруге кірісті.
Алдын ала деректер бойынша зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Әуежай жұмысы тексеру аяқталып, қауіпсіздік расталған соң қайта жанданады.
Бұған дейін Жапонияда магнитудасы 6,1 жер сілкінісі тіркелгені, сондай-ақ Перуде қуатты жер сілкінісінен үш адам зардап шеккені хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
