Сурет: ua.news
Иранда Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) Аэроғарыш күштеріне тиесілі жаңа жерасты зымыран кешені таныстырылды. Нысанда баллистикалық және қанатты зымырандар, сондай-ақ оларды ұшыру қондырғылары орналасқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа кешенді Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Әли Абдоллахи мен ИРСК Аэроғарыш күштерінің қолбасшысы Сейед Маджид Мусавиге таныстырды.
Tasnim агенттігінің мәліметінше, Иран парламентінің төрағасы Мохаммад Багер Калибаф жаңа зымыран қаласының ашылуын елдің қарсыластарына берілген нақты белгісі деп атады.
«ИРСК Аэроғарыш күштерінің жаңа зымыран қаласының ашылуы – Иран халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қорғауға деген табандылығының көрінісі. Бүгін көрсетілген нысанның артында ғалымдар мен инженерлердің көп жылғы еңбегі, қолбасшылардың көрегендігі және ең қиын жағдайда да берілмеген жауынгерлердің тәулік бойғы жұмысы тұр», деді парламент спикері.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияны бастағанына өкінбейтінін және қажет болған жағдайда мұндай шешімді тағы да қабылдайтынын мәлімдеген еді. Көп ұзамай АҚШ әскери күштері Иранның оңтүстігіндегі Кешм аралына соққы берді.
Мазмұнға өту
