Әлем

Италияда Калабрия аймағында үйлер тегін беріледі

Сурет: BILD

Италияның Калабрия аймағында жаңа тұрғындарға баспананы тегін ұсыну бағдарламасы басталды. Жергілікті билік 26 шағын елді мекендегі 50 бос үй мен пәтерді мемлекет қаржысына жөндеп, кейін қатысушыларға 10 жылға жалдау ақысынсыз беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«La Calabria ti regala la casa» («Калабрия саған үй сыйлайды») деп аталған жобаға 20 миллион еуро бөлінген.

Италияда бұрыннан белгілі 1 еуроға үй сату бағдарламаларынан өзгешелігі – бұл жолы жаңа тұрғындар жылжымайтын мүлікті сатып алуға немесе жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге міндетті емес.

Ұсынылған баспаналардың ішінде ауданы 52 шаршы метр екі бөлмелі пәтер, панорамалық көрінісі бар 140 шаршы метрлік үй және ауданы 85 шаршы метр болатын тағы бір үй бар. Билік әр нысанды жөндеуге 280 мың еуроға дейін қаражат бөлуге дайын.

Бағдарламаға Калабрияда соңғы үш жылдан кем емес уақыт тұрмаған, кәмелетке толған азаматтар қатыса алады. Берілген баспана 10 жыл бойы негізгі тұрғылықты мекенжай ретінде пайдаланылуы тиіс. Үйді жалға беруге немесе туристерге тапсыруға тыйым салынады.

Іріктеу кезінде балалы отбасыларға, жас жұбайларға және белгілі бір мамандық иелеріне басымдық беріледі.

Айта кетейік, Италия наразылық акцияларына қатысты жаңа шектеулер енгізді. Бұған дейін Италия Испаниямен Шенген келісімін қайта қалпына келтіруді кейінге қалдырды.

Көп оқылғандар