Сурет: ашық дереккөз
Microsoft компаниясының бірнеше цифрлық қызметінде ауқымды техникалық ақау орын алды. Бастапқыда компания Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы пайдаланушылардың қызметтерге қол жеткізуінде қиындықтар болғанын хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кейін ақаудың әлемнің басқа өңірлеріндегі тұтынушыларға да әсер етуі мүмкін екені расталды.
Downdetector мониторинг қызметінің деректеріне сәйкес, шағымдардың көпшілігі Outlook электрондық поштасына қатысты түскен. Пайдаланушылардың шамамен 130 мыңы пошта жәшігіне кіре алмай, хат жіберу және қабылдау кезінде қиындықтарға тап болған.
Техникалық ақау Microsoft Teams мессенджері мен Copilot жасанды интеллект көмекшісінің жұмысына да әсер етті.
Компания өкілдері мәселенің туындауын инфрақұрылымға түсетін жүктеменің артуымен байланыстырады. Соның салдарынан серверлердің бір бөлігінде ақау шығып, жүйелер арасындағы байланыс үзілген.
Қазір Microsoft инженерлері сервистердің жұмысын қалпына келтіру үшін инфрақұрылым түйіндері арасындағы трафикті қайта бөлуді қолға алған.
Бұған дейін Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан шығуды ұсынғаны, сондай-ақ Ақ үй Microsoft компаниясына грин-карта рәсімдеуге тосқауыл қойғаны туралы хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
