Сурет: Egemen Qazaqstan
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісім алдағы 24 сағат ішінде түпкілікті рәсімделуі ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шахбаз Шариф X әлеуметтік желісіндегі жазбасында тараптардың келісімге бұрынғыдан да жақындағанын атап өтті. Оның айтуынша, Пәкістан келісімге электронды түрде қол қою рәсіміне дайын, ал келесі аптада техникалық деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Бұған дейін Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізудің үш кезеңнен тұратын формуласын ұсынған болатын. Бұл ұсыныс аймақтағы шиеленісті төмендетуге және ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталған.

