Сурет: ТСМ
Шахматтан Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Олимпиаданың оныншы турында Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетіп, ТОП-3-тегі орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі турда қазақстандық шахматшылар (орташа жасы – 19,5) тәжірибелі Франция құрамасымен (орташа жасы – 38,75) кездесті. Бибісара бірінші тақтада 34-ші жүрістен кейін Олимпиададағы ең жылдам жеңісін тіркеді, алайда құраманың жағдайы қиын болды. Меруерттің жеңілісінен бөлек, төртінші тақтадағы Елназдың да мүмкіндігі төмен бағаланды. Дегенмен Франция шахматшысы бір қате жүріспен басымдықтан айырылып, 16 жастағы Елназ 6 сағатқа созылған кездесуде жеңісті жұлып алды. Есеп: 2,5:1,5.
Жеке кездесулер:
Бибісара Асаубаева – Дейманте Даулите-Корнетт
Меруерт Камалиденова – Софи Милье
Турнир кестесінде көш бастағандар:
1. Қытай – 18 ұпай (8 жеңіс, 2 тең ойын)
2. Қазақстан – 17 ұпай (7 жеңіс, 3 тең ойын)
3. Үндістан – 16 ұпай (7 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс)
Польша – 16 ұпай (8 жеңіс, 2 жеңіліс)
Вьетнам – 16 ұпай (8 жеңіс, 2 жеңіліс)
Ерлер арасында отандастарымыз жеңіске жетті.
Қазақстан – Түркіменстан – 3:1
Денис Махнёв – Сапармурат Атабаев
Сауат Нұрғалиев – Мейлис Аннабердыев
Алдияр Аңсат – Аманмухаммет Хоммадов
Жандос Ағманов – Шахрух Тураев
Өзбекстан – 18 ұпай (9 жеңіс, 1 жеңіліс)
Ертең шешуші 11-тур ойындары өтеді.
