Басты тақырып

Орлов шахтасындағы қайғылы оқиға: жұмысшы аман қалмады

27 сәуірде KAZ Minerals тобына қарасты Шығыстүстімет ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға болды. Салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға сағат 20:30 шамасында тіркелген. Жұмысшы кен орнындағы жұмыс барысында жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мен еңбек инспекциясы да тексеріс жүргізуде.

KAZ Minerals компаниясы марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Көп оқылғандар