Сурет: Жайық Пресс
Орал қаласының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері көлік құралдарын тексеру кезінде бір автокөліктен заңсыз сақталған алкоголь өнімін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында полицейлер 83 дана алкоголь өнімін тапты, оның ішінде: 5 литрлік 70 бөтелке, 1 литрлік 1 бөтелке және 0,5 литрлік 12 бөтелке.
Тәркіленген алкоголь өнімінің жалпы көлемі шамамен 400 литрді құрады.
Алынған өнім мен жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.
Полиция алкоголь өнімінің заңсыз айналымы фактілерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оны өткізу мен сақтау саласындағы белгіленген талаптардың сақталуын бақылау жұмысын жалғастыруда.
Мазмұнға өту
