Жайық news

Оралда дропперге қатысты сот үкімі шықты

Сурет: Жайық Пресс

БҚО Орал қалалық соты 8 шілдеде дропперге қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сотта анықталғандай, сотталушы «В» ақшалай сыйақы үшін өз атына банктік шот ашып, оған үшінші тұлғаларға қолжетімділік берген. Кейін аталған шотқа алаяқтық жолмен алынған ақша түсіп, ол үшінші тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады. Мемлекеттік айыптаушының ұстанымы мен ұсынылған дәлелдер соттың айыптау үкімін шығаруына ықпал етті.

Сот сотталушыны ҚК 232-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 78 640 теңге айыппұл салды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында сотта көрсетілімді процесс өткізіліп, оған жастар мен студенттер қатысты.

Прокуратура азаматтарды банктік карталарын, шоттарын, электронды әмияндарын, логиндері мен парольдерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады. «Оңай табыс» ұсынысы жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Көп оқылғандар