Жайық news

Оралда ЦОН-дағы кезекті онлайн бақылау қызметі іске қосылды

Сурет: Жайық Пресс

Орал тұрғындары «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электронды кезектің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Онлайн-табло» жаңа сервисі таңдалған ЦОН-да қай талон нөміріне қызмет көрсетіліп жатқанын көрсетіп, бару уақытын алдын ала есептеуге мүмкіндік береді. Бұл күту уақытын қысқартып, мемлекеттік қызмет алуды ыңғайлы етеді.

Сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімді. Онлайн-таблоны енгізу — цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы кезекті қадам, ол қызмет сапасын арттыруға және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

Көп оқылғандар