Қаржы

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттыру жоспарын 2026 жылдың соңына дейін тоқтатуы мүмкін

Сурет: Egemen Qazaqstan

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер қыркүйек айынан кейін мұнай өндіру көлемін ұлғайту жоспарын уақытша тоқтатып, бұл шешімді 2026 жылдың соңына дейін сақтауы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Reuters агенттігіне төрт дереккөз хабарлаған. ОПЕК+ елдері тамыз айында мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті. Ұйымның 2027 жылға арналған мұнай өндіру квоталары бойынша түпкілікті шешім әзірге қабылданған жоқ.

ОПЕК+ елдерінің кезекті отырысы 2 тамызда өтеді. Жиында қатысушы мемлекеттер қыркүйек айына арналған өндіріс көлемін ұлғайту туралы келісімді қарастырады. Алдын ала болжам бойынша, қыркүйек айында мұнай өндіру квотасы тәулігіне 188 мың баррельге артуы мүмкін. ОПЕК+ шешімдері әлемдік мұнай нарығындағы ұсыныс көлеміне және баға динамикасына тікелей әсер етеді.

Көп оқылғандар