Әлем

Өлім жазасынан аман қалған әйел жасанды желдету аппаратына қосылды

Сурет: istockphoto.com

АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйелге өлімге әкелетін инъекция екі рет енгізілгенімен, ол тірі қалды. Қазір ол ауруханада ес-түссіз жатыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Адвокаттарының айтуынша, катетерлердегі ақауларға байланысты пентобарбитал препараты тамырға емес, тері астына егілуі мүмкін. Қазір дәрігерлер оның ағзасынан препаратты шығаруға күш салып жатыр. Қорғаушылар болған жағдайға қатысты барлық дәлелдер мен деректердің сақталуын талап етті.

Пайк 1995 жылы 19 жастағы курстасын өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Оны 30 қыркүйекте өлім жазасына кесу жоспарланған. Алайда пентобарбиталдың екі инъекциясынан кейін ол тірі қалған. Осыдан соң өлім жазасын орындау процедурасы тоқтатылды.

Оқиғадан кейін Теннесси губернаторы штаттағы өлім жазаларын уақытша тоқтатып, тәуелсіз тергеу жүргізуді тапсырды.

Көп оқылғандар