Сурет: istockphoto.com
Непалдың Нар-Пху аймағындағы Химлунг-Химал шыңында қар көшкіні болып, 14 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті Kantipur басылымының мәліметінше, жоғалғандар – Непал азаматтары. Олардың қатарында қызмет көрсетуші гидтер де бар. Бұл қызметкерлер шетелдік альпинистер келгенге дейін бес-алты күн бұрын 7126 метр биіктікке көтеріліп, маршрутты дайындауы тиіс еді.
Алғашында 22 адамнан тұратын топтың сегізімен байланыс үзілген. Кейін із-түзсіз жоғалғандар саны 14 адамға жетті.
Жергілікті билік пен жеке компаниялар құтқару тікұшақтарын дайындағанымен, ауа райының нашарлығынан тауға ұша алмай отыр. Құтқарушылардың жердегі топтары да оқиға орнына жете алмаған.
Із-түзсіз жоғалғандар арасында Himalayan Holidays және Imagine Nepal компанияларының қызметкерлері бар. Қолайлы жағдай туған кезде олар альпинистерді іздеу жұмыстарына кіріспек.
Еске сала кетейік, бұған дейін 26 тамызда Непалда алапат су тасқыны болды. 29 тамызда құтқарушылар 669 адамның денесін тауып, жарақат алған 2301 адамды құтқарды.
