Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды.
Сол күні Президент Жарлығымен Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылған болатын.
Бұған дейін, 11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің және өзге де адамдардың ұсталғанын растады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Президент осы жайтқа байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдаған еді.
Мазмұнға өту
