Categories Жайық news

Маңғыстау мен Атырау облыстары автогазбен толық қамтылған – Энергетика министрлігі

Сурет: Сауда және интеграция министрлігі

Энергетика министрлігі батыс өңірлердегі автогаз нарығына қатысты ақпараттық кеңістікте тараған хабарларға жауап берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, Маңғыстау және Атырау облыстарына сұйытылған мұнай газын жеткізу тұрақты және ай сайынғы қажеттіліктен жоғары көлемде жүргізілуде. Маңғыстау облысына маусым айына 19,5 мың тонна газ бөлінген, бұл облыс әкімдігінің 18 мың тонналық қажеттілігінен артық. Сұраныстың артуын өтеу үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан қосымша 1,5 мың тонна газ бөлінді. Бұл көлем өңірдегі және транзиттік көліктерді толық қамтамасыз етуге жетеді.

Атырау облысына маусым айында 11,6 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газы жеткізілген, бұл өңірдің 9 мың тонналық есептік қажеттілігінен 2,5 мың тоннаға артық. Атырау мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеуге тоқтауына байланысты министрлік резервтік көлемдерді алдын ала жөнелткен.

Маңғыстау облысы бойынша: облыс әкімдігі мәлімдеген 18 мың тонна қажеттілікке қарамастан, Министрлік маусым айына өңірге 19,5 мың тонна сұйытылған мұнай газын бөлді. Бұдан бөлек, сұраныстың артуын өтеу мақсатында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ресурстарынан қосымша 1,5 мың тонна газ бөлінді. Аталған көлем өңірдегі автокөліктерді және транзиттік көліктерді толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Газды тиеп-жөнелту күн сайын жалғасып жатыр.

Министрлік Қарашығанақ кен орнындағы газ өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты уақытша іркілістер туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кен орнындағы жоспарлы жұмыстар ішкі нарыққа теріс әсер етпейді және отандық тұтынушылар отынмен қалыпты түрде қамтамасыз етілуде.

Ұқсас жазбалар

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өздеріне жүктелген…