Сурет: wku.edu.kz
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжанның айтуынша, бүгін университет ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиев ұсталып, оның жұмыс кабинетінде тінту жүргізілген.
Оның мәліметінше, қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеп жатыр.
Бауыржан Ахметжан қосымша ақпарат кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.
Мазмұнға өту
