Сурет: Report
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 8 665 адамға жетті. Бұл туралы елдің қоғамдық денсаулық сақтау институты мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Институттың есебіне қарағанда, індеттен 4 178 адам көз жұмған. Өлім-жітім деңгейі 48,2 пайызды құрап отыр.
«Эпидемияға қарсы шаралар 7 провинция мен індеттен зардап шеккен 64 ауданда жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 8 665 расталған жағдай тіркелді, 890 науқас оқшауланып, стационарда ем қабылдап жатыр. 2 259 адам аурудан айықты. Вакцинация жұмыстары да ілгеріліп жатыр. Атап айтқанда, Чопо және Төменгі Уэле провинцияларында оң нәтиже байқалады», делінген хабарламада.
Бұған дейін ДР Конго Денсаулық сақтау министрі Самюэль Роже Камба Эбола індеті биліктің толық бақылауына алынғанын мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, Конгода Эбола індеті өршіп, ауруханаларда орын жетіспеушілігі туындаған еді.
