Әлем

Колумбияда қарулы топтар арасындағы қақтығыстан 52 адам қаза тапты

Сурет: istockphoto.com

Колумбияның оңтүстік-шығысындағы Гуавиаре департаментінде қылмыстық топтар арасында болған қақтығыс салдарынан 52 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қақтығыс жергілікті уақыт бойынша сенбі күні болған. Қаза тапқандардың барлығы қарулы топ мүшелері екені айтылады.

Билік өкілдерінің мәліметінше, бұл — екі бәсекелес топ арасындағы аумақтық дау салдарынан туындаған қантөгіс. Қазіргі уақытта аймақта қосымша әскери күштер жұмылдырылған.

Колумбия президенті Густаво Петро бұл оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасап, қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейтуге уәде берді.

Көп оқылғандар