Categories Ақорда

Көкжайлау жерлері ұлттық парктен шығарылмайды: министр мәлімдеді

Сурет: gorny-club.kz

Көкжайлау жерлері ұлттық парк құрамынан шығарылмайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, демалыс орындарында заманауи әрі уақтылы жасалған инфрақұрылым болмаған жағдайда ғана жерлерді парктен шығару мәселесі қарастырылуы мүмкін. Қазіргі таңда мұндай қажеттілік жоқ.

«Көкжайлау – халықтың демалыс аймағы. Оны сақтап қалу – біздің міндетіміз. Жерлерді парктен шығару туралы ешқандай шешім жоқ», – деді Аида Балаева.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Көкжайлау аумағы ұлттық парктен алынып, құрылыс салынады деген қауесет тараған еді. Министр бұл ақпаратты жоққа шығарып, жергілікті тұрғындарды алаңдамауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Үш апта бойы әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақтанды: Үкімет не істеді?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары үш аптадан бері тұрақтанды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл…

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалуға 9 арнайы орын бөлінді

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалуға арналған 9 арнайы орын белгіленді. Мереке 27-29 мамыр аралығында өтеді.

SIM-карта мен аккаунтыңызды бөгдеге берсеңіз, не болады? ІІМ ескертеді

ІІМ азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттар мен SIM-карталарды үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады. Бұл қылмыстық…