Сурет: ТЖМ
Астананың Есіл ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақмешіт көшесіндегі бес қабатты, салынып жатқан тұрғын үйдің аумағында өрт тұтанған. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын ғимараттың шатырынан шыққан.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдері жедел жетті. Өртті ауыздықтау жоғары ранг бойынша жүргізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Өртті сөндіруге 14 техника және 35 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды.
Бұған дейін Қарағандыда өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адамның құтқарылғаны хабарланған болатын.
