Сурет: Видеодан скрин
Бразилияның Сан-Паулу қаласында апатты жағдайдағы ғимарат құлап, бес адамның өмірін жалмады. Қаза болғандардың арасында жүкті әйел бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға нөсер жаңбыр кезінде орын алған. Қаңырап тұрған көпқабатты үй көршілес тұрғын үйдің үстіне құлады.
Құтқарушылар үйінді астынан ер адам мен баланы аман алып шықты. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.
Ғимараттағы құрылыс жұмыстары заңбұзушылықтарға байланысты 2019 жылы тоқтатылған болатын. Нысан иесіне айыппұл салынып, ғимаратты бұзу міндеттелген, алайда бұл шешім орындалмаған.
Қазіргі уақытта мердігерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Үндістанның Махараштра штатында ғимарат құлап, салдарынан 9 адам көз жұмған болатын.
