Жайық news

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен 22 жастағы қыз құтқарылды

Сурет: Видеодан алынған кадр

Каспий теңізінде үрлемелі шеңбермен жүзіп жүрген 22 жастағы қызды ағыс жағадан 200 метр қашықтыққа алып кеткен. Оқиға Жаңаөзен қаласынан 71 шақырым жердегі «Кендірлі» демалыс базасының маңында болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар хабар түскен бойда оқиға орнына жетіп, қызды тауып, аман-есен жағаға шығарған. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Ведомство желді күні ашық су айдындарында үрлемелі шар мен матрас қолдану аса қауіпті екенін еске салды. Бұған дейін Алакөлде анасы мен қызы суға батып, құтқарушылар тек қызды аман алып қалған еді.

Көп оқылғандар