Әлем

Калифорниядағы өрт 300 гектарға тарады, тұрғындар эвакуациялануда

Сурет: Видодан алынған кадр

АҚШ-тың Калифорния штатында бір күн бұрын басталған табиғи өрт шамамен 300 гектар жерді қамтыды. Бұл туралы штаттың өрт сөндіру қызметі хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

New York Post басылымының мәліметінше, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Жергілікті билік бірнеше аудан тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Өрт Лос-Анджелес округінде жалғасуда. Жергілікті әкімшілік маңайдағы үш ауданның тұрғындарын эвакуациялауға жариялады. Округтің тағы тоғыз ауданында эвакуация жүргізілуі мүмкін екені ескертілді. Өртті сөндіруге әуе көлігі де жұмылдырылған.

Бұған дейін шілде айында Калифорния штатында Лос-Анджелес округінде тұтанған «Саммит» орман өрті бір тәулікте 650 гектарды шарпығаны хабарланған болатын.

Көп оқылғандар