Ақордада Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл – елімізге оның ресми сапары аясындағы алғашқы іс-шара, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Рәсім барысында мемлекеттік ту көтеріліп, әскери оркестр екі елдің әнұрандарын орындады. Израиль президентін Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғалары қарсы алды.
Бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Кездесулер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланады деп күтілуде.

