Сурет: AlJazeeraRussia
Ресейшіл хакерлер Италия Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Антонио Таянидің жеке мәліметтерін интернетке жариялады. Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони бұл оқиғаны елеулі қауіп деп бағалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Антонио Таянидің айтуынша, киберқылмыскерлер бірнеше күннен бері оның жеке деректерін жариялап, жаңа ақпарат іздестіріп жатыр. Олардың мақсаты – министрдің өзіне және отбасына қысым көрсету, қорқыту.
Al Jazeera мәліметінше, министр бұл шабуылды Украинаны қолдауға қатысты ұстанымымен және Сыртқы істер министрлігінде цифрлық қауіпсіздікті күшейту жұмыстарымен байланыстырды.
Өз кезегінде Джорджа Мелони әріптесіне қолдау білдіріп, мемлекеттік қызметкерлерге қысым көрсету әрекеттеріне қатаң жауап берілетінін мәлімдеді.
Қазір Италия билігі кибершабуылдарға қарсы қорғанысты күшейту мақсатында одақтастарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Францияда жалпыұлттық ереуілге байланысты Эйфель мұнарасы жабылды.
Мазмұнға өту
