Сурет: Anadolu Ajansı
Иран билігі Қатар делдалдары арқылы АҚШ-қа соғысты тоқтату шарттарын жеткізіп, АҚШ президенті Дональд Трамптан жауап күтіп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді. Ақпаратты ТАСС агенттігі таратты.
«Біз соғысты тоқтату үшін Вашингтонға шарттарымызды жеткізген қатарлық делдалмен байланыстамыз және президент Трамптан жауап күтіп отырмыз»
Резаидың айтуынша, Иран тарапы қойған талаптар қатарында соғысты барлық бағытта тоқтату, Иранның мұздатылған активтерін ашу және әскери-теңіз блокадасын алып тастау бар.
Айта кетейік, америкалық және ирандық делегация маусым айында екі тарап қол қойған өзара түсіністік туралы меморандум аясында келіссөз жүргізген болатын. Кейін диалог үзіліп, Ормуз бұғазы негізгі қақтығыс нүктесіне айналды. Содан соң Трамп АҚШ пен Иран арасындағы меморандумды жарамсыз деп санайтынын мәлімдеді.
