Әлем

Иран АҚШ әскери нысандарына жауап соққыларын тоқтатты

Сурет: istockphoto.com

Иран Қарулы күштері АҚШ әскери нысандарына жасаған жауап соққыларын доғарды. Бұл туралы Иран армиясының ресми өкілі Мохаммад Акраминия мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, АҚШ-тың Иран аумағына жасаған шабуылдары екі күн бұрын тоқтаған. Осыған байланысты Тегеран да әскери соққыларды аяқтаған.

«Біздің стратегиямыз жауап қайтару қағидатына негізделген. АҚШ шабуылдарын тоқтатқандықтан, Иранның қарсы операциялары да аяқталды», деді Акраминия.

Бұған дейін Дональд Трамп Иранмен келіссөздің тоқтағанын мәлімдеп, Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерге алым енгізу керектігін айтқан еді. Ақ үй басшысының бұл бастамасына Біріккен Ұлттар Ұйымы қарсылық білдірді. Ал Иран 19 шілдеде АҚШ флотын жанармаймен қамтамасыз ететін Кувейттегі отын терминалына соққы жасағанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Вашингтон он екі күн қатарынан әуе соққыларын жасады. Тегеран да Ақ үйдің стратегиялық маңызы бар нысандарына шабуылмен жауап қатты.

Көп оқылғандар