Әлем

Хуситтер Сауд Арабиясына зымыран мен дрон жіберді

Сурет: ашық дереккөзден

Йемендік хуситтер Сауд Арабиясына баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын атқылады. Шабуыл теңіз порттары мен энергетикалық нысандарға бағытталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Хуситтердің өкілі Яхья Сарианың мәлімдеуінше, соққылар теңіз порттары мен энергетикалық инфрақұрылымға жасалған. Эр-Рияд пен Янбу қалаларына қарай баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары ұшырылды.

Сауд Арабиясы астанасының тұрғындарына әуе шабуылы қаупі туралы шұғыл ескертулер жіберіліп, қауіпсіз жерлерде қалу ұсынылды.

Халықаралық әуежай маңында қалың түтін байқалған. Алдын ала болжам бойынша, әуежай аумағындағы жанармай резервуарларының бірі өртенуі мүмкін.

Оқиғаның нақты себептері, шығын көлемі және зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге нақтыланған жоқ.

Көп оқылғандар